Сүйіспеншілік мәңгі
🌐 Visit Ulanzhukov.wordpress.com
🌐 Ulanzhukov.wordpress.com besuchen
✍️Write rieview ✍️Rezension schreiben 🏷️Get Badge! 🏷️Abzeichen holen! ⚙️Edit entry ⚙️Eintrag bearbeiten 📰News 📰Neuigkeiten
Tags:
Қымбатты Теофил! Бірінші кітабымда мен Исаның қызметіне кіріскен уақытынан бастап, көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көкке көтеріліп кетпес бұрын Өзінің таңдап алған елшілеріне Киелі Рухтың жетелеуімен нұсқауларын берді. Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер … Оқуды жалғастыру
29.4.2024 20:06Көшбасшыны таңдауИса шәкірттеріне мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір байдың үй шаруашылығын басқаратын кісісі болған екен. Сол адам мал-мүлкіңізді шашып жатыр деген сыбыс байдың құлағына жетеді. Бай оны шақырып алып: — Сен туралы естіп жүргенім не әңгіме? Жұмысың жайлы есеп бер! … Оқуды жалғастыру
9.3.2024 15:42Нағыз байлықСалықшылар мен өзге де күнәкарлар Исаны тыңдау үшін көптеп қасына жиналатын. Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп: — Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті. Сонда Иса оларға астарлап былай деді: — Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы … Оқуды жалғастыру
7.3.2024 17:27ТабылғанЖолшыбай қарақұрым халық еріп келе жатқанда, Иса оларға бұрылып, былай деді: — Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды. Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты … Оқуды жалғастыру
5.3.2024 12:32БасымдықтарИса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды. Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді. Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды: — Демалыс күні ауруды … Оқуды жалғастыру
4.3.2024 10:31Барлығы дайынМейрам кезінде Құдайға ғибадат ету үшін Иерусалимге келгендердің ішінде бірнеше гректер де бар еді. Олар Ғалилея аймағындағы бетсайдалық Філіпке жақындап келіп: «Мырза, Исамен кездескіміз келеді», — деген тілек білдірді. Філіп мұны Әндірге барып айтты, содан екеуі бұл хабарды Исаға жеткізді. Иса оларға … Оқуды жалғастыру
28.6.2022 09:40Уақыт келдіБұдан кейін Иса Тіберия көлінің жағасында тағы бір рет шәкірттеріне көрінді. Бұл былай болған еді: Шимон Петір, Сыңарлас Тома, Ғалилеядағы Қана қаласынан шыққан Натанайыл, Зебедейдің ұлдары және Исаның тағы басқа екі шәкірті бәрі бірге болды. Сонда Петір серіктеріне: — Мен … Оқуды жалғастыру
12.2.2021 17:14ЖағасындаСол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті. … Оқуды жалғастыру
10.2.2021 11:13Нақты дәлелЖексенбі күні әлі қараңғы болған кезде мағдалалық Мәриям қабірге келді. Сонда ол қабірдің аузын бекіткен дәу қақпақ тастың орнынан алынып тасталғанын көрді. Содан Мәриям Шимон Петірге және Исаның жақсы көрген шәкіртіне жүгіріп барып, оларға: «Біреулер Мырзамызды қабірден алып кетіпті! Оны … Оқуды жалғастыру
8.2.2021 16:53Неге жылап тұрсың?Сонымен жасақшылар Исаны ұстап алып кетті. Иса айқыш ағашын Өзі арқалап, қаладан шықты да, Маңдайтөбе деп аталатын жерге қарай бет алды. Мұның жергілікті аты — Ғолғота. Жасақшылар Исаны басқа екі адаммен бірге, біреуін оң, екіншісін сол жағына, ал орталарына Исаны … Оқуды жалғастыру
6.2.2021 16:53Исаның өлімі